preloader

Жаңалықтар

Бас имам облыстық спорт жарысының ашылу салтанатына қатысты

Бас имам облыстық спорт жарысының ашылу салтанатына қатысты

Бүгін Таеквондодан жастар арасында Алматы облысының чемпионатының ашылу салтанаты өтті.

Салтанатты шараға қатысқан Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікті қасиетті Рамазан айымен құттықтай отырып:

«Спорт денсаулықты жақсартып қана қоймай, адамды жауапкершілікке, төзімділікке, өз-өзіңе сенімді болуға тәрбиелейді. Дініміз де салауатты өмір салтын арттыратын дүниелерді құптайды. Еліміздің болашағы сіздер секілді жастар екені көңілімізді қуантады» деп, қатысушыларға сәттілік тіледі.