preloader

Жаңалықтар

Бас имам Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барды

Бас имам Қарасай ауданына жұмыс сапарымен барды

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы Қарасай ауданына сапары барысында бірқатар мешіттердің тыныс-тіршілігімен танысты.

Атап айтқанда облыс бас имамы «Лабақ ата», «Іршат», «Қажы Зуһа батыр-қажы Арслан» сияқты құлшылық үйлеріне барып, жергілікті дін қызметкерлеріне ҚМДБ тарапынан бекітілген бағыттарға ерекше көңіл бөлуге, соның ішінде қайырымдылық бағытындағы шараларды күшейту жөнінде тапсырмалар берді.

Бұдан бөлек Мадияр Тағайбайұлы Шамалған қаласында бой көтеріп жатқан «Жеткербай ата» мешітінің құрылысымен танысып, осы игі іске атсалысып жатқан азаматтарға ризашылығын білдірді.