preloader

Жаңалықтар

Бас имам Қарилар орталығының ашылуына қатысты

Бас имам Қарилар орталығының ашылуына қатысты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының «Құран» секторын ашу туралы бастамасына орай Алматы облысына қарасты Талғар ауданындағы Қызылқайрат ауылында Қариларды дайындау орталығы ашылды.

Салтанатты шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, Талғар ауданының бас имамы Нұржан Пірәліұлы, дін қызметкерлері және шәкірттер қатысты.

Мадияр қажы Тағайбайұлы қарилар орталығының маңызы жайлы айтып өтіп, шәкірттерге зейіндерінің ашылуын тіледі.