preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысты

Бас имам «Рамазан қоржыны» қайырымдылық шарасына қатысты

Қасиетті Рамазан айының құрметіне ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Қарасай ауданының бас имамы Дәуренбек Жандосұлы қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық-түлік себеттері үлестірілді.