preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Рамазанда бір тал ек» акциясына қатысты

Бас имам «Рамазанда бір тал ек» акциясына қатысты

ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен өңірлерде қоршаған ортаны қорғау, табиғатты аялау мақсатында жүзеге асып жатқан «Рамазанда бір тал ек» акциясы Қарасай ауданында жалғасын тапты.

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы, Қарасай ауданының бас имамы Дауренбек Жандосұлы және жергілікті дін қызметкерлері Шамалған ауылдық «Жеткербай ата» мешітінің айналасына ағаштар отырғызып, құлшылық үйінің ауласын жасыл желекке айналдыруға үлес қосты.