preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Тайқазан» қайырымдылық шарасына қатысты

Бас имам «Тайқазан» қайырымдылық шарасына қатысты

«Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында Алматы облысы Іле ауданына қарасты  Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде «Дін мен дәстүр егіз ұғым» деген тақырыпта өткен шара барысында «Тайқазан» қайырымдылық акциясы өтті.

Ізгі шараға Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы, «Зекет және қайырымдылық» қорының жауапты өкілі Ринат Маратұлы және дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 15 отбасыға айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.