preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Түркістан» мешітінде жұма уағызын айтты

Бас имам «Түркістан» мешітінде жұма уағызын айтты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Қарасай аудандық «Түркістан» мешітінде жұма уағызын айтты.

«Истиқамат (дінге беріктік)» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы құлшылық үйіне жиналған көпшілікке тура жолды тауып, хақ діннің жолына түскеннен кейін, одан оңды-солды ауытқымай, шариғатымыздың барлық бұйрықтарына бағынып, тыйымдарынан толықтай тыйылудың маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Жұма намазынан соң облыс бас имамы жергілікті жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.