preloader

Жаңалықтар

Бас имам «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінде уағыз айтты

Бас имам «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінде уағыз айтты

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Қарасай ауданы Жібек жолы ауылындағы «Үшкемпірұлы Жақсылық» мешітінде кезекті ауызашар дастарқаны жайылды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы ауызашарға жиналған көпшілікке «Рамазан және ихсан» тақырыбында уағыз айтып, кез-келген мұсылман ізгі амалын және құлшылығын көркем түрде орындауға ұмтылуы тиіс екендігін еске салды.

Рухани кеш соңында облыс бас имамы жамағатпен бірге еліміз бен жеріміздің амандығы үшін дұға жасады.