preloader

Жаңалықтар

Бас имам Ұйғыр аудандық мешітінде жұма уағызын айтты

Бас имам Ұйғыр аудандық мешітінде жұма уағызын айтты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Ұйғыр аудандық орталық мешітінде жұма уағызын айтты.

«Исламда сауда-саттықтың орны мен әдебі» тақырыбында жұма уағызын айтқан облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы, құлшылық үйіне жиналған көпшілікке асыл дініміздің баршамызға еңбек етіп, ешкімнің ала жібін аттамай, қиянат қылмай, адал жолмен нәпақа табуды бұйыратынын айта келе, адам баласының береке-ризығын арттыратын кәсіптің бір түрі – саудаға және оның шариғаттағы үкіміне кеңінен тоқталды.

Жұма намазынан соң облыс бас имамы жергілікті жамағатпен бірге ел амандығы мен тыныштығы үшін дұға жасады.