preloader

Жаңалықтар

Бас имам Ұлттық киім күніне арналған шараға қатысты

Бас имам Ұлттық киім күніне арналған шараға қатысты

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы 18 наурыз – Ұлттық киім күніне орай Қонаев қаласының кітапханасында өткен шараға қатысты.

Наурызнама онкүндігіне байланысты жүзеге асқан шара барысында мекеме қызметкерлері қойылым қойып, салт-дәстүрімізді және ұлттық құндылықтарымызды насихаттады.

Өз кезегінде облыс бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы көпшілікті келе жатқан Наурыз мерекесімен құттықтап, Рамазан айының қадір-қасиеті жайлы уағыз айтты.