preloader

Жаңалықтар

Балқаш ауданы: Бас имам жастарға насихат айтты

Балқаш ауданы: Бас имам жастарға насихат айтты

Балқаш ауданының жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Жастар біздің үмітіміз және жарқын болашағымыз!» атты ауқымды шара өтті.

Кездесуге Балқаш ауданының бас имамы Төрежанов Нұрдаулет Тоқанұлы, ауған соғысының ардагерлері, ауданның құрметті азаматтары қатысты.

Келелі басқосуды өткізудегі басты мақсат — жастардың туған жерге деген сүйіспеншілігін күшейту және патриоттық сезімін қалыптастыру, адамгершілікке, бейбітшілікке, татулыққа баулу.

Нұрдаулет Тоқанұлы бүгінгі таңда діннің жастар үшін рухани идеаларды таратушы және мәдени дәстүрді сақтаушы ретінде жоғары дәрежеге ие болып отырғанын алға тартып, түрлі жат ағымдардың арбауынан сақ болып, еліміздің ертеңі, мемлекетіміздің жарқын болашағы білімді де, білгір жастардың қолында екенін естен шығармауға шақырды.