preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти музейге «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің түпнұсқасын тапсырды

Бас мүфти музейге «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің түпнұсқасын тапсырды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қостанай өңіріне жұмыс сапары барысында Ыбырай Алтынсариннің «Мұсылманшылықтың тұтқасы» еңбегінің түпнұсқасын ағартушы-педагог атындағы облыстық музейге тапсырды.

Бас мүфтиді қарсы алған музей директоры Марғұлан Бақытбекұлы Ыбырай Алтынсарин өмірінен дерек айтып, мемориалдық мұражайдың бүгінгі тынысымен таныстырды.

Әбден тозығы жетсе де, құндылығынан ажырамаған «Мұсылманшылықтың тұтқасы» кітабы ҚМДБ қолдауы мен қызығушылығына ие болып, қайта қалпына келтіріп, келешек ұрпаққа кеңінен насихатталу мақсатында реставрациялау жұмысына қаражат бөлінді. Осы жылдың мамыр айында Ыбырай музейі Астана қаласындағы қолжазбалар мен сирек кітаптар ұлттық орталығымен келісім шарт жасасып, реставрация жұмысын бастан кеткен болатын.

Еңбекті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы арнайы әкеп табыстап, бабамыздың діни бағытта шариғатқа негізделіп жазылған шығармасы жайында айтып өтті. Осылайша 1884 жылы Қазанда жарық көрген жәдігер Қостанайдағы Ы. Алтынсарин атындағы музей қорын толықтырды.