preloader

Жаңалықтар

Бас мүфти Қазақстанның Ирандағы елшісімен кездесті

Бас мүфти Қазақстанның Ирандағы елшісімен кездесті

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Иран астанасы Тегеран қаласында Қазақстанның осы елдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Асхат Оразбаймен кездесті.

Кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы екіжақты қарым-қатынастар, соның ішінде мәдени ынтымақтастық мәселесі сөз болды. Бас мүфти Асхат Тұтқышбайұлына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жұмыс барысы туралы ақпарат берді. Сондай-ақ Горган қаласында тұратын Иран қазақтарымен кездесудің әсері өткенін атап өтті. 

ҚМДБ Төрағасы осы сапарда ҚМДБ делегациясына айрықша қолдау білдіргені үшін елшілік ұжымына алғыс айтып, сый-сияпат ұсынды.