preloader

Жаңалықтар

Бесағаш ауылында Мәуліт кеші өтті

Бесағаш ауылында Мәуліт кеші өтті

Алматы облысы, Талғар ауданы, Бесағаш ауылындағы «Шариф» мешітінде Мәуліт шарасы ұйымдастырылды.

Берекелі басқосуға Алматы облыстық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Мейрамбек Ақылбекұлы, Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы, мешіт дін қызметкерлері, ақсақалдар алқасының мүшелері, жамағат және демеуші кәсіпкер азаматтар қатысты.

Шараның алғы сөзі барысында Мейрамбек Ақылбекұлы жиналған қауымды Мәуліт мерекесімен құттықтап, Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізді. Сонымен қатар Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі өмірі мен көркем мінезі жайында тағылымды насихат айтып, жамағатты ардақты Елшінің (ﷺ) сүннетін берік ұстануға шақырды.

Кеш соңында ақ дастархан жайылып, Нығмет Қайырбек қари Мәуліт шәріп оқыды. Жиылған жамағат игі ниетпен дұға жасап, Пайғамбарымызға (ﷺ) салауаттар айтылды.

Мәулітке келген қонақтарға арнайы сый ретінде діни кітаптар, Аджуа құрмасы және зәм-зәм суы тарту етілді.

Ізгі шараның жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсетіп, демеушілік жасаған жомарт жандарға алғыс білдіреміз. Алла Тағала жасаған қайырлы істеріңізге береке беріп, сауабынан жазсын!