preloader

Жаңалықтар

«Биеке батыр» мешіті: 50 жанұяға көмек көрсетілді

«Биеке батыр» мешіті: 50 жанұяға көмек көрсетілді

Алматы облысына қарасты Талғар қалалық «Биеке батыр» мешіті «Тайқазан» қайырымдылық жобасына үлес қосты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.

Мешіт ұжымы игі бастамаға қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін!