preloader

Жаңалықтар

«Биеке батыр» мешіті: Жас қари шәкіртке ұмра қажылығына жолдама берілді

«Биеке батыр» мешіті: Жас қари шәкіртке ұмра қажылығына жолдама берілді

Алматы облысына қарасты Талғар қалалық «Биеке батыр» мешітінің қари шәкіртіне құрмет көрсетілді.

Дін қызметкерлерінің ұйытқы болуымен құлшылық үйінің шәкірті, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің түлегі Нақыпбек Бағжан қари бауырымызға кіші қажылыққа жолдама табыс етілді.

Мешіт ұжымы игі бастамаға қол ұшын созып, демеушілік білдірген апамызға алғыс білдіреді. Алла ниетіңізді қабыл етсін!