preloader

Жаңалықтар

Білім сайысының жеңімпазына ұмраға жолдама берілді

Білім сайысының жеңімпазына ұмраға жолдама берілді

Алматы облысы Іле ауданына қарасты Әли ауылдық «Есқара ата» мешітінде шәкірттер арасында білім сайысы ұйымдастырылды.

«Діни танымдық викториналық сұрақтар» кітабы бойынша өткен шараға Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің наиб имамы Сәкен Еншібайұлы, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және Әли ауылдық мешітінің имамы Кенжебай Осыман сынды білікті дін қызметкерлерінен құрылған қазылар алқасы төрелік етті.

Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы шәкірттерге білім алудың абзалдығы мен артықшылығы туралы айтқаннан кейін, Дархан Аманұлы сайыстың шарттарын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Жарыс нәтижесі бойынша І орынға Ережепов Мейірбек лайық деп танылып, ұмра қажылығына жолдаманы жеңіп алды. ІІ орын Молдағалиев Жандосқа (50.000 тг), ал ІІІ орын Сапарбаев Ерболға (30.000) бұйырды.