preloader

Жаңалықтар

«Брайль дәрістерін» оқыту курсы басталды

«Брайль дәрістерін» оқыту курсы басталды

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша жылдық жоспарға сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде зағип жандарға арналған «Брайль дәрістерін» оқыту курсы басталды.

Бірінші күні Алматы облыстық орталық «Қапшағай» мешітінің ұстазы, арнайы маман Айнұр Хұмарбекқызы Құран үйренуге деген ықыласты зағиб жандармен танысып, оларға Браиль әдісі бойынша алғашқы дәріс өткізді.