preloader

Жаңалықтар

«Брайль дәрістерін» оқыту курсы жүзеге асуда

«Брайль дәрістерін» оқыту курсы жүзеге асуда

«Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ тарапынан бекітілген «Діни білім және ғылым» бағыты бойынша жылдық жоспарға сәйкес Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлының ұйымдастыруымен облыстық деңгейде зағип жандарға арналған «Брайл дәрістерін» оқыту курсы жүргізілуде.

Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы бастаған ұстаздарға арнайы маман Айнұр Хумарбекқызы ұстаз дәріс беріп, брайль жүйесін үйретуде. Аталмыш курстың мақсаты – көзі көрмейтін, бірақ, Құран үйренуге деген ықыласты жандарға білім беру болып табылады.