preloader

Жаңалықтар

Дархан дала – рухани демалыс мекені

Дархан дала – рухани демалыс мекені

ҚМДБ бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Дархан дала” жобасы аясында Алматы облысы Жастар ісі секторының жауапты өкілі, Үшкемпірұлы Жақсылық мешітінің бас имамы Құдайбергенұлы Шоханның ұйымдастыруымен мешіт жастары табиғат аясында демалып қайтты.

Асқақ Алатаудың етегінде өткен бұл рухани-сергіту шарасы жастардың көңілін сергітіп қана қоймай, олардың имани танымын да арттыра түсті. Демалыс барысында имам Шохан Құдайбергенұлы жиналған жастарға жүрекке жылы тиер насихат айтып, Алланы еске алудың, ізгілік пен тәртіптің маңыздылығын кеңінен түсіндірді.

Табиғат аясында ұйымдастырылған бұл басқосу ерекше көңіл-күй сыйлады. Жастар волейбол ойнап, бір-бірімен етене араласып, ынтымағын арттырды. Шалқар шаттық пен жайдары жүздер кездесудің шырайын кіргізіп, кең жайылған дастархан басындағы салиқалы сұхбаттар сырлы сәттерге ұласты.

Осындай тағылымды шаралар арқылы жас ұрпақтың дінге деген сүйіспеншілігі мен қоғамға деген жауапкершілігі арта түспек. “Дархан дала” – тек табиғат аясындағы демалыс қана емес, жүректерді жақындататын, рухани кеңістікті байытатын руханият мекені.