preloader

Жаңалықтар

Дін істері басқармасының басшысы Алматы облысының имамдарымен кездесті

Дін істері басқармасының басшысы Алматы облысының имамдарымен кездесті

Алматы облысының дін істері басқармасының басшысы Кошеке Ерғали Ахилбекұлы өңіріміздің имамдарымен кездесті.

Кездесу барысында басқарма басшысы Алматы облысының бас имам Мадияр қажы Тағайбайұлы бастаған дін қызметкерлерімен танысып, жергілікті мешіттердің жай-күйін зерделей келе, тіркелмеген, құжаттары толық емес немесе мүлдем құжатсыз отырған құлшылық үйлеріне қатысты мәселені ортаға салды.

Жиын нәтижесінде арнайы жоспар жасалып, екі тарап алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастырып, бірлесе жұмыс жасауға уағдаласты.