preloader

Жаңалықтар

«Дін мен дәстүр» тақырыбында облыстық білім сайысы өтті

«Дін мен дәстүр» тақырыбында облыстық білім сайысы өтті

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Алматы облысы бойынша өкілдігі дін мен дәстүр сабақтастығын дәріптеу мақсатында 2 томдық «Дін мен дәстүр» кітабы бойынша облыстық білім сайысын ұйымдастырды.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы алғы сөзінде асыл дініміз бен ата салтымызды халыққа насихаттаудың қажеттілігін айтып, аталмыш танымдық шараның маңыздылығына тоқталды.

Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарынан келген үміткерлер өзара сынға түсіп, нәтижесінде жүлделі орын иегерлерін анықтады.

Білім сайысының нәтижесі төмендегідей:

1 орын: Еркебұлан Нұрбайұлы (Кеген ауданы);
2 орын: Тұрлығұлов Мәди (Іле ауданы).
3 орын: Сәрсенов Айбын (Ұйғыр ауданы).

Жүлделі орын иегерлеріне қаржылай сыйлықтар және барлық қатысушыларға арнайы дипломдар берілді.