preloader

Жаңалықтар

«Дін мен руханият: Әйелдердің ізденіс сабағы»

«Дін мен руханият: Әйелдердің ізденіс сабағы»

Алатау қаласының Әйел-қыздар секторының жетекшісі Нұрмағамбетова Бақытнұр Төлеуқызы «Иманның шарты – Тағдырға сенім» тақырыбында танымдық әйел- қыздар жамағатына мәлімет берді.

Іс-шара барысында әйел-қыздар жамағатына тағдырға иман келтірудің маңызы, Құран мен сүннеттегі дәлелдер, сондай-ақ мұсылманның сабыр мен разылыққа тәрбиеленуі жөнінде жан-жақты мәлімет берілді.Уағыз кезінде қатысушылар күнделікті өмірде кездесетін сынақтарға сабырмен қарау, тағдырды Алланың жазуы ретінде қабылдау, жүрекпен ризашылық танытудың мәні мен маңызы жайлы терең түсінік алды. Сонымен қатар, жамағат көкейдегі сұрақтарын қойып, тұщымды әрі нақты жауаптар алды. Бұл шара — әйел жамағатының рухани дүниесін байыту, дінге деген танымын арттыру, әрі қоғамдағы имандылық пен ізгілік құндылықтарын жандандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Осындай игі бастамалар – әйел адамның діни сауатын арттырып, өмірге рухани көзқараспен қарауына, қоғамда орнықты тұлға болып қалыптасуына жол ашады. Қатысушылардың белсенділігі мен қызығушылығы аталмыш бағыттағы кездесулердің аса маңызды әрі қажетті екенін көрсетті.