preloader

Жаңалықтар

Алматы облысы дін қызметкерлерін аттестаттау басталды

Алматы облысы дін қызметкерлерін аттестаттау басталды

Қонаев қаласында Алматы және Жетісу облыстары дін қызметкерлерінің республикалық кезекті аттестациясы басталды.

Шараны жоғары деңгейде өткізу үшін құрылған аттестаттау комиссиясының құрамында Бас мүфтидің кеңесшісі Кенжетай Байкемелұлы, ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы, Шариғат және пәтуа бөлімінің маманы Бауыржан Әбдуәлі сияқты дін мамандары бар.

Аттестацияның алғашқы кезеңі тестілеу жүйесі бойынша өтіп жатыр. Сынақ барысында дін қызметкерлеріне ақида, фиқһ, Ислам тарихы, әкімшілік жүйе (заң) тақырыптары бойынша сұрақтар топтастырылған билеттер ұсынылуда.

Екінші кезеңде имамдар мен ұстаздар ауызша сұрақ-жауап бойынша сынақ тапсыруда. Бұл кезеңде дін қызметкерлері қырағат, тәжуид, хадис, дін мен дәстүр және ҚМДБ бекіткен коцептуалды құжаттар бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін ортаға салуда.

2 күнге созылатын республикалық аттестацияға Қонаев қаласы және Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр, Іле аудандарындағы мешіттерінде жаңадан қызметке тағайындалған дін қызметкерлер қатысуда.