preloader

Жаңалықтар

Діни әдебиеттерді тексеру тұрақты түрде жүзеге асып келеді

Діни әдебиеттерді тексеру тұрақты түрде жүзеге асып келеді

Алматы облысының аумағындағы мешіттер мен діни заттар сататын дүкендерде кітаптарды тексеру жұмыстары жыл бойы жүргізіліп келеді.

Тексеру жұмыстары кезінде Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіт-медреселер, құлшылық үйлерінің қасындағы діни дүкендер, сауат ашу курстары, қайырымдылық және түзету мекемелеріндегі кітап сөрелері қамтылуда. 

Діни кітаптарға шолу жасаудағы негізгі мақсаты – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне толық сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.