preloader

Жаңалықтар

Діни әдебиеттерді тексеру жалғасып келеді

Діни әдебиеттерді тексеру жалғасып келеді

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай өңірімізге қарасты мешіттер мен діни заттар сататын дүкендерде кітаптарды тексеру жұмыстары өз жалғасын табуда.

Тексеру жұмыстары кезінде Қонаев қаласы мен Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Кеген, Қарасай, Райымбек, Талғар, Ұйғыр және Іле аудандарына қарасты мешіт-медреселер, құлшылық үйлерінің қасындағы діни дүкендер, сауат ашу курстары, қайырымдылық және түзету мекемелеріндегі кітап сөрелері қамтылуда. 

Алматы облысы бойынша діни сараптама бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлының айтуынша, бұл жердегі негізгі мақсат – көпшілік оқырман қауымға арналған еңбектердің Ханафи мәзһабы, Матуриди сенім мектебіне толық сай екендігін қадағалау, сондай-ақ халық арасында дәстүрімізге жат ағымдарды насихаттайтын діни кітаптардың таралуына жол бермеу болып табылады.