«Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында қызметтік баспаналар табысталды
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Зекет және қайырымдылық қоры жүзеге асырып келе жатқан «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Алматы облысында кезекті игі іс атқарылды.
Атап айтқанда, Еңбекшіқазақ ауданы, Іле ауданы және Талғар ауданы аумақтарындағы мешіттердің ауласынан демеуші жандардың қолдауымен қызметтік баспаналар бой көтеріп, салтанатты түрде ресми табысталды. Шара барысында «Ел үлесі – пәтерге» жобасының реттік нөмірі көрсетілген сертификаттарын Қор директоры Қайырғалиев Мақсатбек Мақсотұлы және Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр қажы Тағайбайұлы табыс етті.
Аталған жоба – мешіт қызметкерлерін әлеуметтік тұрғыда қолдауға бағытталған маңызды бастама. Бұл – ел бірлігі мен жанашырлықтың, сауапты іске жұмылған жұртшылықтың ынтымағының айқын көрінісі.



