preloader

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: 2025 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН АЛҚАЛЫ ЖИЫН ӨТТІ

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Қондыбаев Ибрагим Нұрахмедұлының төрағалығымен аудан имамдарының 2025 жылға арналған алқалы жиыны өтті.

Жиынға өңірдегі қала, ауыл имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Іс-шарада бас имам ҚМДБ Төрағасының Бағдарлық баяндамасы жайлы жан-жақты айтып берді. Имамдардың алдында тұрған міндеттері мен атқарылатын нақты жұмыс жоспарына тоқталды. Сондай-ақ имамдардың басқосуында «Ислам және отбасы құндылығы» жылы аясындағы ҚМДБ бекіткен айтулы шараларды ұйымдастыру, бөлім тапсырмаларын басты назарда ұстап, уақытылы орындауды тапсырды . Сонымен қатар, аудан имамы Ибрагим Нұрахмедұлы: ҚМДБ-ның консептуалды “Имамның тұлғалық келбеті” құжатты аясында дәріс оқыды.