preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданы: Балалар үйіне қайырымдылық жасалды

Еңбекшіқазақ ауданы: Балалар үйіне қайырымдылық жасалды

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешіті жергілікті балалар үйіне көмек көрсетті.

Ізгі шара барысында жергілікті дін қызметкерлері балалар үйінің қажеттілігі үшін кір жуғыш машинасын сыйға тартып, мекеменің 30 тәрбиеленушісіне түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!