ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: ИМАМДАР АРАСЫНДА ҚҰРАН САЙЫСЫ ӨТТІ
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданының имамдары арасында Құранның 30-парасынан жатқа оқудан аудан және ауыл имамдарының қатысуымен Құран сайысы өткізілді.
Еңбекшіқазақ ауданына қарасты қарасты 20 аудан, ауыл имамдары өз білімдерін көрсетіп сайысқа түсті.
Жарыс қорытындасы бойынша бас жүлдені және умра қажылығын Гапуров Муслим иеленді.
1-орынды Саймасай ауылдық мешітінің имамы Медеуов Елжан иеленсе(тоңазытқыш)
2-орынды (кір жуғыш машина) Қызылжар ауылдық “Қалыбек батыр” мешітінің имамы Карибаев Сұлтанбек иеленді.
3-орынды Мамет Раман(газ плита) алды.
4-орынды Оңғарбек Дамир және 5-орынды Ивиллаев Надыр иеленді. Қалған имамдар алғыс хатпен марапатталды.
Жүлделі болған имамдарды Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы арнайы марапаттады және имамдардың алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.