ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: ИМАМДАРМЕН СЕМИНАР ӨТТІ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында шариғат және пәтуа бөліміне жауапты маман Нағашыбай Абылай аудан имамдарына семинар өткізді. Жиын барысында діни қызметкерлер мен имам-ұстаздармен пікір алмасып, ҚМДБ Ғұламалар кеңесі тарапынан әзірленген пәтуаларды түсіндіріп, сол пәтуа бойынша мешіт жамағаттарына пәтуа сағаттарын өткізуді, өздігімен жамағаттар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауап білмесе кері байланыс орнатпауды ескертті. Діни қызметкерлермен пәтуа бағыты бойынша сұрақ-жауаптармен алмасты.