preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

Еңбекшіқазақ ауданы: Құран курсының кезекті дәрісі өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бастамасымен Құран курсының ұстаздары  Еңбекшіқазақ ауданының дін қызметкерлері үшін дәріс жүргізді.

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Хұсниддин қари мен Құдірет қари сияқты білікті мамандар жергілікті имамдармен кездесіп, онлайн және офлайн форматта жүріп жатқан 2 айлық Құран курсының кезекті сабағын өткізді.

Діни рәсімдерді атқарудағы бірізділікті қалыптастыру мақсатында өткізіліп жатқан курс барысында имамдар тәжуид ережелері, махраж, діни рәсімдер кезінде оқылатын дұғалар мен Құран сүрелерін жаттап, курс соңында емтихан тапсырады деп күтілуде.