preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданы «Рамазан қоржыны» жобасына үн қосты

Еңбекшіқазақ ауданы «Рамазан қоржыны» жобасына үн қосты

Қасиетті Рамазан айына орай ҚМДБ Алматы облысы өкілдігіне қарасты Еңбекшіқазақ аудандық «Имам Мұхаммед» мешітінде қайырымдылық шарасы ұйымдастырылды.

«Рамазан қоржыны» атты ізгі шараға Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлы және жергілікті дін қызметкерлері қатысты.

Жомарт жүректі азаматтардың қолдауының арқасында жүзеге асқан шара барысында құлшылық үйінің тізімінде тұрған әлеуметтік жағдайы төмен 25 отбасыға бір айлық азық-түлік себеттері үлестірілді.