preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Еңбекшіқазақ ауданы: «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс өтті

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына орай Еңбекшіқазақ ауданының дін қызметкерлері арасында «Шәмәил Мұхаммадия» кітабы бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Шараның басында Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы жиналған қауымға сайыстың негізгі мақсатын түсіндірсе, Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы Ибрагим Нұрахмедұлы сайыстың шарттарына тоқталып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқау нәтижесінде үздік нәтиже көрсеткен 3 қатысушы облыстық деңгейде өтетін жарысқа жолдама алды.