ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫ: «ЖЫЛУЛЫҚ СЫЙЛА» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ШАРАСЫ ӨТТІ
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында ҚМДБ “Зекет және қайырымдылық” қорының Алматы облысы бойынша жауапты мамандарының ұйымдастыруымен және “Жылулық сыйла” жобасы аясында қайырымдылық шарасы өткізілді.
«Жылулық сыйла» қайырымдылық жобасы аясындағы іс-шара барысында Еңбекшіқазақ ауданында 4 отбасына 450 000 теңге көлеміндегі қаражатқа жылыту отыны көмір үлестірілді. Көмек алған отбасы мүшелері дін қызметкерлеріне алғыстарын жеткізді.