preloader

Жаңалықтар

Еңбекшіқазақ​ ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Еңбекшіқазақ​ ауданына жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр Тағайбайұлы жұмыс сапарымен Еңбекшіқазақ​ ауданында ​ болды.​

Сапар барысында облыс бас имамы аудан әкімі​ Алтай Машикұлымен кездесіп, жергілікті имамдардың қызметі, діни ахуал​ және өзге де өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

Жұма намазының алдында​ облыс бас имамы​ Мадияр Тағайбайұлы құлшылық үйінің ұжымы ​ және жамағатына ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығын оқып, жаңадан тағайындалған аудан имамы Ибрагим Нұрахмедұлы Қондыбаевты таныстырып, ​ қызметіне сәттілік тіледі.​ Бірнеше жыл бойы​ Еңбекшіқазақ ауданының бас имамы болып қызмет атқарған​ Сапархан Айдарханұлына​ алғыс айтып, ризашылығын білдірді.​

Бұдан бөлек, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығына сәйкес «Имам Мұхаммед» мешіті Еңбекшіқазақ аудандық орталық мешітінің мәртебесін алғанын хабарлаймыз.