ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНДА «ОТБАСЫЛЫҚ ТӘРБИЕ ЖӘНЕ АДАЛ ҚОҒАМ» СЕМИНАРЫ ӨТТІ
«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Еңбекшіқазақ ауданына арнайы іссапармен барды.
Іссапар барысында ауданның мәдениет үйінде «Отбасылық тәрбие және адал қоғам» тақырыбында семинар ұйымдастырылды. Тағылымды шараға аудан тұрғындары, мешіт жамағаты, имамдар, жастар және қоғам белсенділері қатысты. Семинардың негізгі мақсаты – отбасы құндылықтарын дәріптеу, ата-ана мен бала арасындағы өзара сыйластықты нығайту, қоғамдағы адалдық пен жауапкершіліктің маңызын түсіндіру.
Шара барысында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы отбасының адам тәрбиесіндегі орнына тоқталып, ұлттық және діни құндылықтардың сабақтастығы туралы ой бөлісті. Сондай-ақ адал еңбек ету, аманатқа берік болу, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету сынды ізгі қасиеттердің қоғам тұрақтылығындағы маңызы айтылды.



