preloader

Жаңалықтар

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚТА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ ӨТТІ

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚТА ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ АРНАЛҒАН БІЛІМ ЖЕТІЛДІРУ КУРСЫ ӨТТІ

«Ислам және адал қоғам» жылы аясында Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының Еңбекшіқазақ ауданына іссапары барысында дін қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсы ұйымдастырылды.

Курсқа Еңбекшіқазақ ауданына қарасты мешіттердің имамдары мен дін қызметкерлері қатысты. Оқу барысында діни қызметті жетілдіру, мешіт жұмысының тиімділігін арттыру, жамағатпен жұмыс жүргізу және қазіргі қоғамдағы діни мәселелерге дұрыс бағыт-бағдар беру бағыттары қамтылды.

Білім жетілдіру курсын Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің ұстазы Ернар Есімқұлов жүргізді. Сабақ барысында дін қызметкерлеріне өзекті діни мәселелер бойынша теориялық және практикалық тұрғыда түсіндіру жұмыстары жүргізілді.