«Ермегия ата» мешіті күрделі жөндеуден кейін қайта ашылды
26 қазан 2025 жылы Алматы облысы, Кеген ауданы Жалағаш ауылында күрделі жөндеуден өткен «Ермегия ата» мешітінің ашылу салтанаты өтті.
Шараға Алматы облысы өкілдігінен Облыс имам Мадияр қажы Тағайбайұлының тапсырмасына сәйкес салтанаты шараға Талғар ауданының бас имамы Ринат Маратұлы және Кеген ауданының бас имамы Әзім Сатыбалдыұлы өкілдік атынан арнайы қатысты. Ігі шараға ауыл ақсақалдары, зиялы қауыммен ауыл тұрғындары да қатысты. Іс-шара Құран оқылып, бата берумен басталды.
Ринат Маратұлы мешіт салудың сауабы мен мәні туралы насихат айтып, елге игі тілегін білдірді. Жиын барысында ел ағалары құттықтау сөз сөйлеп, ауыл азаматтарына алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталды. Ашылу рәсімінен кейін қонақтарға арналған құрмет дастарханы жайылып, Құран оқылып, бата жасалды.




