preloader

Жаңалықтар

«Халал астың маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті

«Халал астың маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті

Алматы облысы Іле ауданы Қоянқұс ауылдық мешітінде «Халал астың маңыздылығы» тақырыбында семинар ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында «Халал Даму» ЖШС-нің Алматы облысындағы жауапты өкілі Жәнәбіл Ахметбекұлы құлшылық үйіне жиналған жамағатқа шариғатымыздағы халал мен харам түсінігі, адал астың құлшылығымыз мен күнделікті өмірімізге беретін пайдасы, харамның денсаулығымыз үшін де, ақыретіміз үшін де тигізер зиянына кеңінен тоқталып өтті.

Бұдан бөлек, Жәнәбіл Ахметбекұлы «Халал Даму» мекемесінің атқаратын қызметі мен міндеті, бағыттары, сертификаттау барысында қойылатын басты талаптардың ерекшелігі, өнімдерді лабораториялық сынақтан өткізудің тиімділігі, бақылау-қадағалау жұмыстарының жүргізілуі, шет елдік және отандық сертификатталған кәсіпорындарды қадағалаудың маңыздылығын да түсіндірді.