preloader

Жаңалықтар

«Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты семинар өтті

«Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты семинар өтті

ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылдық округі, Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде әйел жамағатына арналған «Игі ана – ізгі қоғам негізі» атты облыстық семинар өтті.

Отбасы құндылықтарын насихаттау, сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас қалыптастыру, ұрпақ тәрбиесіндегі ананың рөлі мен маңызын, беделін айқындауды мақсат еткен іс-шараның алғы сөзін Алматы облысындағы «Ізгі қоғам» бағыты бойынша жауапты дін қызметкері Дархан Аманұлы алып, келген қонақтарды әйел жамағатына таныстырды.

Өз кезегінде қоғам қайраткері, ұстаз Құралай Пернебайқызы «Әйел құндылығы» жайлы насихат айтқаннан кейін, Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының жетекшісі Назерке Әкішқызы да тақырып аясында баяндама жасады.

Жиналғандар тақырыпты талқылауға белсене қатысып, дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұщымды жауаптар ала алды. Рухани шара ақ дастарқан басында жалғасын тауып, сүбелі сұхбатпен аяқталды.