preloader

Жаңалықтар

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті

«Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті

ҚМДБ-ның «Ихсан және насихат» бағыты бойынша бекітілген жылдық жоспарға сәйкес, Алматы облысы өкілдігі, Талғар ауданы имамдарына арналған «Ихсан – рухани тәрбие негізі» тақырыбында семинар өтті.

Семинар Жаңалық ауылының «Алаш Арыстары» мешітінде ұйымдастырылып, ауданға қарасты мешіттердің 35 имамы қатысты.

Жиында ихсан ұғымының мәні мен оның дін қызметкерінің рухани болмысындағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Имамның қоғамдағы рухани көшбасшы ретіндегі жауапкершілігіне ерекше тоқталып, жамағатқа көркем мінезімен үлгі болу, қандай жағдайда да сабырлылық пен мейірімділікті сақтай білу, тұрақтылық танытып, әрдайым ізгілік пен жақсылықтың жаршысы болудың маңызы айтылды.

Сондай-ақ семинар барысында асыл дініміздің құндылықтарын насихаттау, Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (ﷺ) өнегелі жолын берік ұстану және қоғамға пайдалы болу – әрбір мұсылманның, соның ішінде дін қызметкерінің маңызды міндеті екені атап өтілді.

Жиын соңында имамдардың рухани білімін жетілдіру, насихат жұмысының сапасын арттыру және жамағатпен қарым-қатынаста ихсан қағидаларын басшылыққа алу бағытында бірқатар ұсыныстар айтылды.