«ИХСАН-РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР ӨТТІ
ҚМДБ ның “Ислам және отбасы құндылығы” жылының аясында “Ихсан және насихат” бағыты бойынша Райымбек аудандық “Әбдіғали Жетенұлы” мешітінде ауыл имамдарына “Ихсан-рухани тәрбие негізі”тақырыбында семинар өткізілді.
Ауданның бас имамы Азамат Бексұлтанұлы имамдарға Ихсан кітабы бойынша дәріс оқыды. Имамдар көкейде жүрген сұрақтарын қойып, жауаптарын алып, семинардың өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанына алғыстарын білдірді.