preloader

Жаңалықтар

«ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ»

«ИХСАН – РУХАНИ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ»

Ихсан – мұсылманның рухани кемелдікке жету жолы. Бұл – Алланы көріп тұрғандай құлшылық ету, әр ісінде ықыласты болу және адамгершілік қасиеттерді бойға сіңіру. Ихсан ілімі адамның жүрегін тазартып, қоғамда әділдік пен мейірімділік орнатуға шақырады.

Алматы облысы, Кеген ауданының бас имамы Әзім Сатыбалдыұлының жетекшілігімен өткен “Ихсан – рухани тәрбие негізі” атты семинар аудан имамдарына терең рухани білім беруді көздеді. Бұл жиында имамдар ихсан ұғымының мәнін түсініп, оны жамағатқа қалай жеткізу керектігін талқылады.

Ихсан – тек құлшылықпен шектелмейтін, өмірдің барлық саласын қамтитын ұлы ұстаным. Егер қоғам мүшелері осы құндылықтарды ұстанса, елімізде рухани тұтастық пен ізгілік арта түседі. Сондықтан ихсан қағидаларын кеңінен насихаттау – әрбір дін қызметкерінің басты міндеті.