preloader

Жаңалықтар

Іле аудандық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Іле аудандық мешітіне жаңа бас имам тағайындалды

Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлы Іле ауданына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында аудандық “Сәбденұлы Өтеген батыр” мешітінің жаңа бас имамын таныстырды.
Бұл тағайындау Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жүзеге асты. Бұған дейін Қонаев қаласындағы “Қапшағай” орталық мешітінде наиб имам қызметін атқарған дін қызметкері енді Іле ауданындағы рухани және ағартушылық жұмыстарға жетекшілік ететін болады.
Мадияр қажы Тағайбайұлы жаңа имамға сәттілік тілеп, өңірдегі діни-ағартушылық және рухани бағыттағы жұмыстарды жандандырудың маңыздылығына тоқталды. Сондай-ақ мешіт ұжымына бірлік пен ынтымақты сақтау, жамағатпен тығыз байланыс орнату жөнінде насихат айтты.