preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Іле ауданы: 100 балаға «Рамазан тәттісі» үлестірілді

Ораза айт мерекесіне орай ҚМДБ-ның Алматы облысы өкілдігіне қарасты Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің жанындағы Әйел-қыздар секторы жергілікті балаларды қуанышқа бөледі.

Өскелең ұрпаққа қасиетті Ораза айт мерекесінің рухын сезіндіру, оларды имандылыққа баулу мақсатында жүзеге асқан шара барысында аудандық Әйел-қыздар секторының жетекшісі Аринова Майгүл бастаған мешіт жамағаты көпбалалы отбасылардың 100 баласына түрлі тәттілер салынған «Рамазан тәттісі» қорапшаларын үлестірді.

Мешіт ұжымы осы қайырымдылыққа қол ұшын созып, демеушілік білдірген азаматтарға алғыс білдіреді. Алла ниеттеріңізді қабыл етсін. Әмин!