preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ІІІ КІТАБЫ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛ ЖАМАҒАТЫ АРАСЫНДА «ДІН МЕН ДӘСТҮР» ІІІ КІТАБЫ БОЙЫНША САЙЫС ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Түймебай ауылы «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінің ұйымдастыруымен аудан деңгейінде әйел жамағатына «Дін мен дәстүр» ІІІ кітабы бойынша сайыс өтті.
Сайыс тест-сұрақтар арқылы өтті. Ауданға қарасты 24 ауылдан 33 әйел жамағаты қатысты.
Іс-шара қасиетті Құран аяттарын оқуымен басталып, бата берілді.
Аудандық бас имамы Дархан Аманұлы ата дініміз бен салт-дәстүрдің сабақтастығы туралы айтып, қатысушыларға сайыстың  шарттарын түсіндірді.
Жүзден жүйрік демекші:
🥇І орынды «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінен Арынова Самал Нұрланқызы иеленіп, (50 000 тг)  ұтып алды.
🥈ІІ орын «Жомарт» мешітінен Серғазы Айдана Советқызы (30 000 тг).
🥉ІІІ орынды «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінен Каптагаева Мақпал Айткалиевна (20 000 тг) иеленді.
Барлық қатысушыларға сертификат беріп, алғыс хатпен марапаттап, сыйлықтар табысталды.
Сонымен қатар, дініміздің дәстүрлі көрінісі болып, аудан бас имамы тұсау кесу рәсіміне қатысып, сәбиге батасын берді.
Одан кейін киіз үйдің ішінде қазақи дәстүрде наурыз көже берілді.