preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Іле ауданына қарасты Боралдай кенті Водник ы/а «Арын қажы» мешітінде аудан деңгейінде әйел жамағатына «Ислам ғылымхалы» кітабінің «Тазалық және намаз» баптары бойынша білім сайысы өтті. Сайысқа 30 әйел жамағаты қатысты.

Шараның басында Алматы облысы бойынша діни оқу-ағарту бағытына жауапты имам Сакен Еншібайұлы көпшілікке Алматы облысының бас имамы Мадияр қажы Тағайбайұлының сәлемін жеткізіп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Келесі сөзін Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы алып, білім алудың маңыздылығы жайлы насихат айтып, Іле ауданы бойынша «Әйел-қыздар» секторының жауапты маманы Аринова Мариям ұстаз қатысушыларға сайыстың  шарттарын түсіндірді. Сайыс тест-сұрақтар арқылы өтті.

Жүзден жүйрік демекші І орынды Бейсенова Айжан иеленіп, (150 000 тг) ұтып алды. ІІ орын Зейнелова Зарина (100 000 тг) бұйырса, ІІІ орынды Бакыткызы Акбота (70 000 тг) иеленді.

Сайыс соңында Сейітұлы Алдажар жиналған қауымға бата беріп, дұға жасалды.