preloader

Жаңалықтар

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

ІЛЕ АУДАНЫ: ӘЙЕЛДЕР ЖАМАҒАТЫНА БІЛІМ САЙЫСЫ ӨТТІ

Алматы облысы, Іле аудандық «Сәбденұлы Өтеген батыр» мешітінің ұйытқы болуымен аудан деңгейінде ерекше рухани сайыс өтті. Әйел жамағатына арналған бұл байқауда қатысушылар Алланың 99 көркем есімін жатқа және қазақша мағынасымен оқу арқылы бақтарын сынады.

Қасиетті білім мен ықыластың ұштасқан шарасына 100-ден астам шәкірт қатысты. Байқау үш жас санаты бойынша ұйымдастырылып, әр топтан үздіктер анықталды:

18-35 жас аралығы бойынша жеңімпаз — Каптагаева Макпал Айткалиевна;

36-50 жас аралығыБиткенбаева Жадыра Өмірзаққызы;

51 жастан жоғары топта — Асан Ханшайым топ жарды.

Жеңімпаздарға рухани еңбектері мен шынайы ықыластары үшін 50 000 теңгеден арнайы сертификаттар табысталды.

Мешіт ұжымы осындай тәрбиелік мәні зор шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті. Рухани жаңғыру мен имандылықты насихаттауға арналған бұл сайыс көпшілік көңілінен шығып, ізгілікке үндеген игі бастама ретінде есте қалды.