preloader

Жаңалықтар

Іле ауданы: «Әкелер мектебі» құрылды

Іле ауданы: «Әкелер мектебі» құрылды

ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігіне қарасты Іле ауданы Ащыбұлақ ауылдық округі Түймебай ауылдық «Исмайл ибн Ибраһим» мешітінде «Ислам және дәстүр құндылығы» жылы аясында «Әкелер мектебі» құрылды.

«Ізгі қоғам» бағыты бойынша жүзеге асқан шараға Алматы облысының заңгері Даулетияр Сағитжан, Іле ауданының бас имамы Дархан Аманұлы және әр елді-мекеннен азаматтар қатысты.

Алғы сөзді алған Даулетияр Сағитжан мың мектепке татитын əке тəрбиесінің маңызы туралы сөз қозғаса, Дархан Аманұлы болашағымыз үшін осындай жобалардың қажеттілігіне тоқталды.

Танымдық шараға қатысқан көпшілік сұрақтарын қойып, өз ойларын, нақты ұсыныстарын айтып, пікірлерін ортаға салды.